Астанадағы ШҚО күндері аясында өткен көрме барысында елордалықтар Шығыс Қазақстанда өндірілген өнімдер мен құрастырылған техникалармен танысты, деп хабарлайды baq.kz.
Астанадағы ШҚО күндері аясында өткен көрме барысында елордалықтар Шығыс Қазақстанда өндірілген өнімдер мен құрастырылған техникалармен танысты, деп хабарлайды baq.kz.
Көрмеге қойылған инновациялық жобалар арасынан Қазақстанда құрастырылған алғашқы электркөлігін, ІТ-киіз үйді, медицина саласындағы жаңа жобаларды кездестіруге болады. Бұдан бөлек, көрме қонақтары ЭКСПО-2017 көрмесінде халыққа қызмет көрсететін такси көліктерімен танысты. Барлық стандарттарға сай құрастырылған такси көліктері жолаушыларға қажетті жабдықтармен жабдықталған.
«Қазір де Шығыс Қазақстанда әлемдік стандарттарға сай келетін көліктер құрастырылуда. Олардың қатарында ресейлік көліктермен қатар, кореялық, чехиялық, америкалық көліктер бар. Елбасының тапсырмасы бойынша көліктердің сапасын жақсартып, бәсекеге қабілеттілігін арттырып, әлемдік көлік өндірісінің қатарынан көрінуді жоспарлаудамыз. Сондай-ақ, экономиканың инновациялық дамуына септігін тигізетін тағы 5 күрделі ғылыми жоба қолға алынып отыр», – деді Даниал Ахметов.
Айта кетсек, бүгінгі күні «Азия Авто Қазақстан» компаниясы автокөліктердің 32 түрін шығарып келеді. Өткен жылдармен салыстырғанда өндіріс көлемі 10,12 пайыздан 20 пайызға өскен. Елдің барлық қалаларында компанияның филиалдары жұмыс істеуде.