Басып шығару нұсқасы
08.09.2016, 17:58

iPhone 7 қызғылт және алтын түстес болып шығады (ВИДЕО)

Жаһан нарығын жаулаған Apple алпауыты жаңа өнімдерін – iPhone 7 мен 7 Plus смартфондарын таныстырды, деп хабарлайды РИА Новости порталына сілтеме жасай отырып bnews.kz.

Apple компаниясының YouTube-тегі ресми каналында жаңа құрылғының ерекшеліктері суреттелген екі минуттық жарнама ролигі жарияланды. Видеоны 300 мыңнан аса адам көріп шыққан.

Компания өнімінің дизайны көз тартады: жұмырланған корпусы шыны мен алюминийден жасалған. Бұған қоса, жаңа телефондарда екі стереодинамика мен IP67 стандарты бойынша су өткізбейтін қорғаныш болады.

Сондай-ақ бұл смартфондарға құлаққап Lightning порты арқылы қосылады. Бұдан бөлек, презентацияда AirPods сымсыз құлаққаптары таныстырылды.

Apple компаниясының жаңа өнімі төрт түске ие: қара, қызғылт, сұр және алтын түстес.