Басып шығару нұсқасы
06.09.2016, 14:24

Ластанған ауа Альцгеймер ауруының асқынуына алып келуі мүмкін

Ластанған ауа Альцгеймер ауруының асқынуына алып келетін факторлардың бірі болуы мүмкін», – дейді британдық ғалымдар жаңа зерттеулерінде. Бұл туралы khabar.kz хабарлады.

Ұлыбританияда Альцгеймер ауруын зерттеу орталығының мамандары дертке шалдыққан адамдардың ми тінінде магнитті темір оксидінің ұсақ бөлшектерін тапты. Улы заттардың бөлшектері көбінде ауасы ластанған қалаларда тұрған науқастардан табылған.

Зерттеушілер: «Ми тініндегі магниттік темір оксидінің бөлшектері мен аурудың асқынуы арасындағы тікелей байланыс табылған жоқ, дегенмен бұл ауру түріне қоршаған ортаның әсері бар-жоғын нақты анықтау керек», – деп мәлімдеді.

Магнетит ми жасушаларында жинақталып, оны зақымдайтын еркін радикалдардың қалыптасуына алып келеді екен.

Ұқсас сілтемелер