Басып шығару нұсқасы
01.09.2016, 14:17

Зайсанда құрастырылатын «Ертіс» тракторларының құны 800 мың теңге

Ержан Әбіш Ержан Әбіш

Былтыр құрылған «Ертіс ТЗ» кәсіпорны қытайлық ауылшаруашылық тракторларын, өзге де техникаларын, сонымен қатар мотоциклдерді құрастырумен айналысады, деп хабарлайды altai.kz.

Бұл арадан шығатын шағын «Ертіс» тракторларының құны 800 мың теңге, ал оны Қытайдан әкелсеңіз бағасы 1 миллион 100 мыңнан асады. Сонымен қатар, сапасы да жоғары. Десек те, серіктестік жетекшісі Цзянь Ван облыс әкіміне дайын өнімді өткізуде кедергілер бар екенін айтып, қолдау білдіруін сұрады.

– Бұл әмбебап тракторлар ауыл шаруашылығы үшін өте қажет, бірақ олардың өзіміздің Зайсанда құрастырылатынын шаруалардың көпшілігі білмейді. Сондықтан мен ауыл шаруашылығы басқармасына «Қазагроқаржы» акционерлік қоғамымен бірлесе осы техникаларды лизингке сату бойынша жұмыс істеуді тапсырамын. Барлық аудан-қала әкімдері шаруаларға осы зауыттың өнімдерін көрсетіп, таныстырулары тиіс, – деп міндеттеді Даниал Ахметов.

 

Ұқсас сілтемелер