Басып шығару нұсқасы
17.05.2018, 16:05

«Chrome» браузерінің интернетсіз де пайдалануға болатын функциялары

Қазіргі күнде өмірімізді интернетсіз елестету мүлде мүмкін емес. Кейде интернет үзіліп қалатын кездер болып тұрады. Сондай кезде не істеу керек? Алаңдамаңыз интернетсіз де «Google Chrome» арқылы жұмыс жасап, уақытыңызды үнемдеуге, қызықты өткізуге болады. Төменде біз интернетсіз де «Google Chrome»-ның бірнеше қолдануға болатын функцияларын айтатын боламыз.

Электронды почта

Кейбір пайдаланушылар браузердегі пошта аккаунттарын онлайн режимінде ашады. Бірақ интернет кенеттен үзіліп қалса ше? «Gmail» пайдаланушылары «Chrome» браузеріне «Gmail Оффлайн» бағдарламасын орнату арқылы электрон поштаға келген хаттарды автоматты түрде компьютеріне сақтап отыруына болады. Бірақ «Gmail Оффлайн» арқылы интернет жоқ кезде хаттарды жібере алмайсыз, есесіне келген хаттарға жауап жазуыңызға болады. Хаттарыңыз интернет қосылғаннан соң өз иелеріне автоматты түрде баратын болады.

«Google Диск»

«Google Диск» және оның қосымшалары – құжаттар, кестелер т.б интернетті өшірмейінше, «Drive» параметрлерінде қосулы болса, баламалы режимде де пайдалануға болады. Активтендірілгеннен кейін «бұлтта» сақталатын файлдар компьютер қоймасымен синхрондалады, бірақ бейне немесе музыка сияқты объектілер үлкен өлшемде болса өзіңіз көшіруіңізге тура келеді. «Офлайн» режимінде сіз жаңа файлдарды жасап, бұрыннан бар файлдарды өңдей аласыз. Интернетке қосылғаннан кейін бұл өзгерістер «бұлтпен» синхрондалады.

Мақалалар мен кітаптар

«Chrome» дүкенінде қызықты мақалалар мен кітаптарды оқу, сақтап алуға арналған «Pocket Web» функциясы бар. «Pocket»-тің ерекшелігі сақталған керекті мақалалар мен кітаптарыңызды интернетсіз де оқуыңызға болады.

Ойындар

«Chrome»  пайдаланушыларына Супер Мариодан бастап ретро ойындардарды ойнауға ұсынады. Жалпы, алғанда «Chrome» дүкенінде өте көп пайдалы бағдарламалар қатарында ақысыз ойналатын ойындар да өте көп. Оларды таңдау үшін «офлайн» режимін белгілеп қою керек.

 

Дереккөз: massaget.kz

Ұқсас сілтемелер