Басып шығару нұсқасы
23.01.2018, 15:42

Ерекше жасалған ұялы телефондар

Ұялы телефондар біздің өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып кеткендей болды. Ұялы телефонның сыртқы пішінін, түрін көру арқылы иесі туралы көптеген мәліметтерді айтуға болады. Сондықтанда талантты дизайнерлер ұялы телефондар өндірушілерімен біріге отырып, өзін ерекше көрсеткісі келетін адамдарға жаңа дизайндағы ұялы телефондар ойлап таба бастады.

Біз білетін қарапайым ұялы телефондар — төртбұрышты дисплейі бар, әріп, сан, символ теретін клавиатураллары бар құрылғы. Дегенменде ұялы телефон өндірушілері күн өткен сайын ұялы телефондардың формасын да, оның ішкі құрылымын да жаңартып, өзгертіп жатыр.

Ең қымбат ұялы телефон

Ең қымбат ұялы телефонды Аустралиялық бай магнаттың тапсырысы бойынша Goldstriker компаниясы жасаған.Құрылғы шамамен 3 млн.доллар тұрады. Ұялы телефонның корпусын дайындауға 0,27 кг алтын және жалпы массасы 68 карат болатын 136 бриллиант кеткен. Логотиптегі және басқару тетіктеріндегі бриллианттар тағы 7 каратқа тартқан.

Ең үлкен ұялы телефон

Ең үлкен ұялы телефон жергілікті Cricket байланыс операторының қолдауымен Samsung компаниясында жасап шығарылды. Құрылғының өлшемі 3,9×4,5 метрді құрайды және бұл құрылғы қарапайым ұялы телефондар секілді өзінің қызметін атқара алады. Бірақ, бұл құрылғыны саусақпен басқару өте қиынға соғады.

Ең кішкентай ұялы телефон

Ең кішкентай ұялы телефонды Willcom атты жапондық компания шығарды. Құрылғының салмағы 33 грамм, ал өлшемі 32×10,5×70 мм. Бұл кішкентай ұялы телефонның камерасы жоқ, бірақ өзіне тән функциональдық қызметтерін ойдағыдай атқарады.

©kenester.kz

Ұқсас сілтемелер