Басып шығару нұсқасы
12.01.2018, 17:08

Қостанайда тұңғыш рет картоп жинайтын комбайн шығарылады

Биыл «АгромашХолдинг» АҚ базасында картоп жинайтын комбайндар шығару жұмыстары басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«АгромашХолдинг» АҚ атақты «Гомсельмаш» компаниясының үлгісіндегі екі комбайн түрін шығарады. Олар: ПКК-2-05 «ПАЛЕССЕ РТ25» және КПБ-260-2 «ПАЛЕССЕ РТ260-2». Жабдықтар Беларусь Республикасынан әкелінеді.

«Аталған екі комбайн бір-біріне ұқсас. Айырмашылығы тұтынылатын қуаты мен өнімділігінде ғана. Екеуі де бір мезгілде бірнеше жұмысты атқара алады. Мәселен, РТ25 картоп жинап жүріп, топырақты тегістеп отырады. Бұл комбайн сағатына 1 га аумақтан картоп жинай алады.Ал РТ260-2 комбайнында арнайы тіркеме бар. Ол түйнектердің бүлінбеуіне көмектеседі», - дейді компания қызметкері Гүлнар Нұртазина.  

Қазіргі уақытта жабдықтарды тасымалдау мәселесі талқыланып жатыр.

Компания өкілдерінің сөзінше, комбайн құны қазақстандық шаруалар үшін қолжетімді болмақ.

Ұқсас сілтемелер