Басып шығару нұсқасы
11.01.2018, 11:02

Ғалымдар суды сүтке айналдырудың жолын анықтады

Әдетте, кәдімгі су 0 градуста қататындығы баршаға аян. Дегенмен одан төмен температурада агрегаттық күйін сақтайтын шамадан тыс суытылған су деген де термин бар. Бұл жағдайда ғалымдар бірнеше макрометрлік көлем шамасындағы тамшылармен вакуумды «атқылаған», деп хабарлайды БЕЛТА агенттігіне сілтемемен ҚазАқпарат.

Ғалымдар температураны рентгендік лазермен өлшеді. Бір қызығы, алынған сұйықтық - 45 градусқа шыдас берген. Бұл осы заттар бойынша жаңа рекорд болып отыр.    

Айта кеткен жөн, бұл ғылыми тәжірибе барысында тағы бірнеше процестердің моделін жасаудың сәті түсті. Мысалы,  800 атмосфералық қысым кезінде судың сүтке айналатындығы анықталды. Аталған процесс күн сәулесінің суға өтуін болдырмайтындықтан осылайша өзгерген. 

Ұқсас сілтемелер