Басып шығару нұсқасы
05.01.2018, 12:54

Balans.kz, kodeks.kz және urist.kz сайттарына кірушілер Троян вирусын жұқтыруы мүмкін

КТК КТК Фото: Хабрахабр

Balans.kz,  kodeks.kz  және  urist.kz. сайттарына киберқастандық жасалды. Бұл парақшаларға кірген қолданушылар Троян вирусын жұқтырулары да мүмкін, деп хабарлайды silteme.kz.

Бұл туралы кибершабуылға қарсы орталық мамандары КТК арнасына мәлімдеген. Олардың айтуынша, есепшілер мен заңгерлерге арналға порталдардан шамадан тыс мөлшерде майнерлер табылған.

Ал майнер дегеніміз не?

Бұған қатысты ақпарат көзінің жауабы қысқаша: Майнер дегеніміз-сіздің компьютеріңіздегі электронды ақшаны жымқыру үшін қолданылатын скрипт. Егер сіз күмәнді сайтқа кірсеңіз бірден майнер қолданылады. Ол компьютер ресурстарын өзіне жүктеп алып, криптавалюта сатып алады. 

Осылайша, Қазақстанның үш бірдей сайты қатер тізіміне еніп отыр. Бұл парақшаларға кірген қолданушылар Троян вирусын жұқтырулары да мүмкін. Оның кесірінен  қаржылық ұйымның бухгалтерлік есеп-қисаптары бүлінеді немесе ондағы ақпараттарды хакерлер өз мақсаттарында пайдаланып кетуі де кәдік. Кибер қылмысқа қарсы күрес мамандары, аталмыш порталдардың жұмысын желілік администраторлары толық реттегенше онда кірмеуге кеңес береді.

Жалпы елімізде сайттарға қастандық жасау оқиғасы соңғы кездері жиілеп барады. Өткен айда ғана сарапшылар 50 майнерді анықтаған.

Ұқсас сілтемелер