Басып шығару нұсқасы
11.12.2017, 09:49

Дәм-тұзыңыздың қанша қалғанын хабарлап отыратын "ажал сағаты" ойлап табылды

Шведтік өнертапқыш ғалым өмірінің ұзақтығын анықтайтын сағатты жасап шығарды. Сағат уақытты кері санап, оның иесінің қанша өмір сүру уақытының қалғанын көрсетеді.

Гаджетке көпшілік «ажал сағаты» деген атау беріп те үлгерген. Алайда сағатты жасаған Фредрик Колтинг оны «Тиккер» деп атады.

Сағатты дұрыс іске қосу үшін оның иесі  арнайы сауалнама толтыруы керек. Оған өзінің қандай аурулармен ауырғаны туралы ақпараттарды енгізеді.

Сонымен қатар ол өзінің алкоголь мен темекі өнімдерін қаншалықты тұтынатынын, әулетінде қатерлі ісік, сусамыр және басқа да дерттермен ауырғандардың болған-болмағанын да назарға алуы тиіс.


Сағат тағушылардан қосымша олардың спортқа әуестігі, дене салмағының қанша екені сұралады. Жиналған мәліметтер негізінде пайдаланушының қазіргі жасы есептеліп, осылайша оның мына дүниедегі тұз-дәмінің қашан таусылуы мүмкін екендігі жайлы жалпы ақпарат жасалады. «Тиккер» сағатының құны – 80 долларға жуық.

© kazgazeta.kz

Ұқсас сілтемелер