Басып шығару нұсқасы
25.04.2019, 16:13

Халықаралық Qazaq kuresi федерациясына 2 жыл толды

Қазақ күресі Қазақ күресі

Халықаралық Qazaq kuresi  федерациясы өз жұмысын бастағанына биыл екі жыл.

Қазақ күресінің даму тарихы тереңде жатыр. Той-домалақ, жиын-мерке, түрлі басқосулар палуандардың белдесуінсіз өткен емес. Қазіргі таңда елімізде жекпе-жек өнерін әлемдік бәсекеге лайықты спорт деңгейіне шығару маңызды міндеттердің біріне айналып отыр, деп хабарлайды silteme.kz 

Осыған орай, 2017 жылы Астана өткен жалпы құрылтайдың кезекті отырысында Халықаралық  Qazaq kuresi  федерациясын құру туралы шешім қабылданған болатын.

Бүгінде федерацияны мемлекет қайраткері, Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Қанат Бозымбаев басқарады. Қазақ спортының аңызы, олипиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, олимпиада ойындарының қола және күміс жүлдегері, танымал палуан Дәулет Тұрлыханов сынды азаматтар федерацияның вице-президенттері ретінде тағайындылды. 

Халықаралық қазақ күресі федерациясы – тек «халықаралық» мәртебесімен шектелмейді. Әлемдік деңгейдегі қазақ күресі турнирлерінің белсенді ұйымдастырушысы ретіндегі еліміздегі бірегей қоғамдық ұйым.

Сонымен қатар, Халықаралық қазақ күресі федерациясы – ұлттық спорт түрін әлемдік деңгейде дамытып, халықаралық серіктестер мен спортшылардың басын біріктіріп жүрген бірлестік.

Халықаралық Федерацияның құрылғанына аз болса да, осы уақыт  аралығында ауқымды шаралар мен нәтижелі жұмыстар атқарылды. Федерация құрамына Еуропа мен Азия елдерінің 28 ұлттық  федерациясы кіреді. Есесіне әлемде ұлттық спортымызға қызығушылық танытқандар саны күн санап артуда.

Федерация жыл сайын халықаралық турнирлер мен іс-шаралар өткізуді дәстүрге айналдырған. Федерация құрылған 2 жыл ішінде: қазақ күресінен әлем чемпионаты-2017 (Астана, Қазақстан), 2018 жылы жаттықтырушылар мен төрешілерге арналған халықаралық семинар (Тбилиси, Грузия), 2018 жылы Қазақ күресінен I Еуропа чемпионаты (Батуми, Грузия), 2018 жылы оқу-жаттығу жиыны (Алматы, Қазақстан), 2018 жылы I Азия чемпионаты (Астана, Қазақстан),  Федерация қолдауымен «Әлем барысы» турнирі өткізілді. Сондай-ақ, 2018 жылы - 3 ұлттық чемпионат өткізілсе, биыл ұлттық чемпионаттар саны  10-ға жетті.

2019 жылдың маусым айында Федерация Польшадағы Вроцлав қаласында II Еуропа чемпионатын өткізеді. Бұл чемпионатқа Еуропаның                     23 елінен 100 палуан жиналады деп күтілуде. Халықаралық Qazaq kuresi   федерациясы шетелдік бапкерлерге арналған оқу-жаттығу семинарлары мен  палуандардың шығындарын өз мойнына алады.

Әлбетте, қарқынды қолдаудың арқасында ұлттық спортымыз бүгінде әлемге кең насихатталып, үлкен танымалдылыққа ие.  Қазақ күресімен Грузия, Қытай, Еуроодақ елдері, Иран және т.б. елдері айналыса бастады.

Халықаралық қазақ күресі федерациясы жыл соңына дейін Еуропа чемпионатын, Әлем чемпионатын, Әлем кубогын және т.б. көптеген шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

 

Ұқсас сілтемелер