Басып шығару нұсқасы
28.10.2016, 13:06

Спортпен шұғылданатын әжеден үлгі алыңыз

Егде тартса да спортпен шұғылданатын атыраулық әже әлеуметтік желінің жұлдызына айналды, деп хабарлайды reactor.inform.kz.

 Видеодан қарияның аулаға орнатылған спорттық құралдарда жаттығу жасап отырғанын көруге болады.  Екі күнде видеоны 6 мыңнан астам адам көрген.

Немересі әжесінің бұл алаңға бұрыннан келіп, жаттығатынын айтып отыр. 80 жастағы әженің 7 баласы мен 10 немересі бар. Бұған дейін жеке үйде тұрып, үйдің ұсақ-түйек тірлігінен тынып таппай үйреніп қалған әже екі қолын бос қояр көпқабатты үйде зеріккен көрінеді. Сол себепті де спортпен шұғылдануды жөн көріпті.

Ұқсас сілтемелер