Басып шығару нұсқасы
26.08.2016, 14:11

Жазира Жаппарқұл ата-баба рухына арнап ас берді

Бүгін барша қазақ еліне қуаныш сыйлаған күміс қызымыз Ж.Жаппарқұл туған-туыстарын жиып, елге аман-есен жеңіспен оралғанына ата-баба рухына бағыштап ас берді. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды. 

Асқа жиналған көпшілік Қазақстанның көк байрағын көкке желбіреткен, зілтемір көтеруден Олимпиаданың күміс жүлдегері атанған тұңғыш қазақ қызы Жазираны жеңісімен құттықтап, алдағы байрақты бәсекеде бұдан да биік белестерді бағындырып, Токио қаласында өтетін Олимпиада ойындарында алтын жүлдені иеленуіне тілектестігін білдірді. Жиын соңында «Рәтәй қажы» мешітінің имамы П.Ізбасханов әруақтарға құран бағыштап, ақ батасын берді.

 

Ұқсас сілтемелер