«SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасына тіркелу басталды
06.03.2020ж.

«SportFEST Kazakhstan» республикалық мектеп спартакиадасына тіркелу басталды

Жеті мыңнан астам қазақстандық оқушы наурыз бен маусым айлары аралығында өткізілетін «SportFEST Kazakhstan» ІІІ Республикалық Спартакиадасына қатысады.

 

Биылғы жылы еліміздегі ең мықты спортшы атағы үшін республикамыздың 14 облысының 210 ауданы жарысқа түсіп, 2004-2006 жж. жас аралығындағы мектеп оқушылары бақ сынамақ. «SportFEST Kazakhstan» спартакиадасы келесі спорт түрлерін қамтиды: шахмат, үстел теннисі, қыздар үшін баскетбол, жасөспірімдер үшін футзал, әскери-қолданбалы спорт түрлері, сондай-ақ тоғызқұмалақ.

 

Спартакиада бұрынғыдай іріктеу турының екі кезеңінен тұрады. Алдымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында және еліміздің барлық облыстарда аймақтық жарыстар өтеді. Онда аудандар мен облыстық құрама командалары өзара жарысады. І кезеңнің жеңімпаздары өз өңірін немесе қаласын ІІ турда таныстырады, аталмыш шара аңызға айналған «Балдәурен» лагерінде (Бурабай қ.) өтеді.

 

«SportFEST Kazakhstan» республикалық спартакиадасы дәстүрлі түрде өткізілуде. Бүкіл ел бойынша атап өтілетін айтулы оқиғаға мыңдаған оқушылар бар ынта-жігерімен дайындалуда. Биылғы жылы Қазақстанның барлық өңірлерінен шамамен 7 000 баланы қамту жоспарлануда. Бұл жоба балалардың дене тәрбиесіне ғана емес, сондай-ақ жасөспірімдер арасында салауатты өмір салты идеясын ілгерілетуге ықпал етеді», -деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

 

Балалар мен жасөспірімдердің өзін-өзі жетілдіруге, денсаулығын нығайтуға және балалардың дене дайындығын түзетуге бағытталған республикалық спартакиада өзін жастар арасында бұқаралық спортты, салауатты өмір салтын және патриоттық тәрбиені танымал ету жарысы екенін көрсетті. Ал жоба басталғаннан бері қатысқаноқушылар саны 14 000-нан астам.

 

«SportFEST Kazakhstan» – бұл Дариға Назарбаеваның бастамасымен 14 облыс және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары аумағында өткізілетін Қазақстан бойынша жас спортшыларды қолдау бойынша бірегей жоба.

 

Жобаны «Менің елім» Әлеуметтік инвестициялар бағдарламасы аясында «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен «Коммуникативтік бастамалар мен стратегиялар Қоры» ЖҚ бірлесіп жүзеге асырады.

 

Айта кету керек, іріктеу турларында қолданылатын барлық спорттық құрал-жабдықтар (теннис үстелдері, доптар, үстел ойындары) жарыстан кейін әр өңірдегі мектептерге сыйға беріледі.

 

Анықтамалық:

«Менің елім» бағдарламасы әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту және жергілікті қоғамдастықтардың өмір сүру, әлеуметтік орта, білім беру, мәдениет және спорт сапасының жоғары стандарттарына қол жеткізуін кеңейту арқылы «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобы қатысатын өңірлердегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға бағытталған.

 

Сіздерді осы іс-шара жайында хабарлауға шақырамыз.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер