Басып шығару нұсқасы
09.04.2018, 16:31

Баландин Испаниядағы халықаралық жарыста топ жарды

Қазақстандық спортшы Дмитрий Баландин жүзуден Испания ашық чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

200 метр қашықтықта брасс әдісімен жүзуде отандасымыз қарсылас шақ келтірмеді - 2:09.31. Бұған қоса, Дмитрий Испания чемпионатының рекордын жаңартты.

Сондай-ақ, кеше 50 метр қашықтықта баттерфляй әдісімен жүзуде Әділбек Мусин күміс жүлдегер атанды. Тағы бір спортшымыз Әділ Қасқабай мен Әділбек Мусин 100 метр қашықтықта еркін стильде жүзуде финалға шықты.

Ұқсас сілтемелер