Басып шығару нұсқасы
28.01.2018, 12:50

Хамитов WBK чемпиондық белбеуін неге қорғамай жүргенін айтты

Хамитов WBK чемпиондық белбеуін неге қорғамай жүргенін айтты www.inform.kz

Қазақстандық жауынгер Қуат «Найман» Хамитов (18-6-1) WBK (World Ultimate fighting league) чемпиондық белбеуін неге қорғамай жүргенін айтты, деп хабарлайды prosports.kz сайтына сілтеме жасап silteme.kz АА.

 «WBK ұйымының чемпиондық белбеуін неліктен қорғамай жүргенімді көпшілікке айтып берейін. Қытайлық тарап келісімшарттың міндеттемесін толықтай орындаған жоқ. Олар чемпиондық жекпе-жектегі сыйақының 1/3 бөлігін төлемеді. Сол себепті барлығы созылып кетті. Осы жылдың көктемінде өзара келісімге келеміз және титулымды Қытайда қорғаймын деп үміттенемін!» — деді  Хамитов Instagram парақшасында.

Естеріңізге салайық, 26 қарашады Fight Nights Global 80 турнирі аясында Хамитов ирландиялық Питер Куиллимен (10-4-1) кездесіп жеңіске жеткен еді. Алайда, тәуелсіз коммисия Куиллидің командасы берген шағым бойынша ұпайларды қайта есептеп, жекпе-жек нәтижесі тең есепке өзертті.

Ұқсас сілтемелер