Басып шығару нұсқасы
01.01.2018, 19:47

Теннис: Зарина Дияс жылды жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс жылды жеңіспен бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».

Қытайдың Шэньчжэнь қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирдің бірінші айналымында әлемнің 66-ыншы ракеткасы З.Дияс дүниежүзілік рейтингте 81-орында тұрған франциялық Полин Пармантьемен кездесті.

Қазақстандық теннисші 6:3, 6:4 есебімен екі партияда жеңіске жетті. З.Дияс енді осы турнирдің үшінші, әлемнің 35-інші ракеткасы, қытайлық Чжан Шуаймен күш сынасады. Ол бірінші кездесуінде ресейлік Анна Блинкованы дәл сондай есеппен ұтты.

Айта кетейік, Шэньчжэнь турнирінің жүлде қоры - 750 мың АҚШ доллары. Оған әлемнің бірінші ракеткасы, румыниялық Симона Халеп бастаған маңдайалды теннисшілер қатысуда.

Ұқсас сілтемелер