Басып шығару нұсқасы
08.12.2017, 18:38

«Жігер» спорттық клубының спортшысы Ә.Ахметов Мексикада күміс жүлдеге ие болды

Мексика елінде жүзуден тірек – қимыл аппараты және көру мүшелері зақымданған мүгедек-спортшылар арасында Әлем Чемпионаты өтті, деп хабарлайды silteme.kz.

Чемпионат 2-8 желтоқсан күндері аралығында өткізілді.  «Жігер» спорттық клубының спортшысы Ахметов Ануар 100 метр қашықтығында брасс түрінен 1:12.09 нәтижесімен Чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ 100 метр қашықтықта еркін стиль түрінен 4 орынға (0:59.85) ие болды.

Спортшыны мен ұлттық құрама командасын құрамында 12 адаммен, 11 желтоқсан күні Франкфурт - Астана рейсімен, Астана уақыты бойынша сағат 05.45-те  «Жігер» спорттық клубының қызметкерлері, спортшылардың жақындары мен достары қарсы алу жоспарлануда.

Ұқсас сілтемелер