Басып шығару нұсқасы
03.12.2016, 11:45

Қазақстанның ауыр атлетика құрамасына жаңа бапкер келді

Қазақстанның ауыр атлетикадан бас бапкері қызметіне Юрий Мельников келді, - деп хабарлайды baq.kz.

 Мұндай шешім Қызылордада 2 желтоқсанда Федерацияның бапкерлермен болған кеңесінде қабылданды.

59 жастағы Юрий Мельников Шымкент қаласында дүниеге келген. 1985 жылдан бастап бапкер қызметін атқарып келеді. Мельников 1992-2002 жылдары Қазақстан құрамасының бапкері де болған. 2000-2002 жылдары әйелдер құрамасының бас бапкері қызметін атқарған. Айта кетейік, Юрий Мельников соңғы жылдары Шымкенттегі спорт мектептерінде жұмыс істеген. Сондай-ақ, Мельник "Кұрмет" және басқа да Қазақстан Тәуелсіздігінің 10-жылдығы және 20-жылдығы қарсаңында сыйланған медальдарға ие.

Еске сала кетейік, 25 қарашада осыған дейін Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметінде болған Алексей Ни қызметінен кеткен болатын.