Басып шығару нұсқасы
26.10.2016, 11:56

Қазақстандық коньки тебушілер Әлем кубогының 4 кезеңіне қатыспақ

  1. «Универсиада-2017» басталғанға дейін қазақстандық коньки тебушілер Әлем кубогының 4 кезеңіне қатыспақ Қазақстандық коньки тебушілер «Универсиада-2017» ойындарына белсенді дайындық жүргізуде. 1 қазаннан бастап ұлттық студенттік құрама Астанадағы «Алау» мұз алаңында дайындалып, оқу-жаттығу жиындарын өткізуде, деп хабарлайды Silteme.kz. 

    ҚР-ның конькимен жүгіру спорты бойынша мемлекеттік жаттықтырушысы Кенжеш Сәрсекенова осыған орай былай деп атап өтті: «Универсиада-2017» ойындарына қатысатын қазақстандық команда Алматыда өтетін алдағы студенттік ойындарға белсенді дайындалуда. Қазір біздің спортышлар елорданың «Алау» мұз алаңында жаттығуда. 6-13 қараша аралығында біздің команда Қытайдың Харбин қаласында өтетін Әлем чемпионатына қатыспақ».

    Жаттықтырушының сөзі бойынша, Алматы қаласында өтетін 28-ші Дүниежүзілік қысқы Универсиада-2017 ойындары басталғанға дейін, конькимен жүгіру спорты бойынша қазақстандық құрама әлемнің 4 чемпионатына қатыспақ.

    «Біздің спортшылар Харбин, Нагано, Астана және Херенвендегі әлем чемпионаттарына қатысады. Сондай-ақ, конькимен жүгіру спорты бойынша қазақстандық құрама Алматыда өтетін халықаралық қысқы студенттік ойындарға дейін Қытайдың Үрімші қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізеді», - деп хабарлады Сәрсекенова ханым.

    2017 жылғы қысқы Универсиаданың баспасөз қызметінің мәліметінше, алда келе жатқан «Универсиада-2017» ойындарында ҚР ұлттық студенттік құрамасында 24 коньки тебуші өнер көрсететін болады.