Басып шығару нұсқасы
19.07.2018, 18:33

Денис Тен қайтыс болды

Денис Тен пышақ жарақатынан қаза тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kzсайтына сілтеме жасап.

 

Анықталғандай, Денис Тенді көлік тонаушылар пышақтап кеткен. Қайғылы жағдай бүгін 19.07.2018 жылы, сағат 15:00 кезінде Құрманғазы мен Байсейітова көшесі қиылысында болды.

«Денис Тен көлігің айнасын ұрлап жатқан белгісіз адамдардың үстінен түскен. Сол жерде туындаған кикілжің нәтижесінде Денис Тен пышақ жарақатын алған. Аталған факті бойынша тергеу амалдары басталды. Алматы ІІД құрамы күдіктілерді тану және ұстау шараларын жүргізіп жатыр», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, бүгін 14.56-да жедел жәрдем қызметі станциясына пышақпен жарақаттанған адам туралы шақыру келіп түскен. Денис Тенді жедел жәрдем бригадасы қалалық Орталық клиникалық ауруханасына жеткізген. Дәрігерлер қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жанын аман алып қалу үшін бар күштерін салып күресті.

Дереккөз: baq.kz