Басып шығару нұсқасы
16.05.2018, 10:24

Сауль Альварес WBC рейтингінен шығарылды

Мексикалық боксшы Сауль Альварес Бүкіләлемдік бокс кеңесінің рейтингінен "Таза бокс" антидопингті бағдарламасына кіруден бас тартқаны үшін шығарылды, деп хабарлайды Today.kz

Бұл туралы WBC президенті Маурисио Сулейман Twitter желісіндегі парақшасында хабарлады. 

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық боксшы Сауль Альварес екінші кездесу өткізер алдында өз еріктерімен допинг тестен өткен кезде Альварестің қанынан тыйым салынған зат табылған еді. Спортшы 2,5,9 наурызда қайтадан қосымша тест тапсырды, бұл жолы боксшының қаны таза шықты. 

"Ол "Таза бокс" бағдарламасына қатысудан бас тартқаны үшін ережеге сәйкес рейтингтен шығарылды, – деп жазды Сулейман. – Осы бағдарламаның бір мүшесі болуға келісім берген бойда рингке оралады". 

"Таза бокс" – WBC мен Бүкіләлемдік антидопингтік агенттіктің бірлескен антидопингтік бағдарламасы.