Басып шығару нұсқасы
16.04.2018, 08:09

«Астананың» шабандозы халықаралық турнирде топ жарды

«Астананың» шабандозы халықаралық турнирде топ жарды prosports.kz

Кеше Голландияда классикалық Amstel Gold Race 2018 біркүндік жарысы өтті. Бұл туралы Prosports.kz сайты хабарлады.

Аталған жарыста бақ сынаған «Астана» велокомандасының даниялық шабандозы Михаэль Вальгрен турнир жеңімпазы атанды. Екінші орынды Mitchelton-Scott командасының шабандозы Роман Кройцигер, үшінші орынды Энрико Гаспаротто (Bahrain-Merida) иеленді.

«Амстел Голд Рейс» Maastricht — Berg en Terblijt. 263 шақырым

Михаэль Вальгрен (Дания, «Астана»)

Роман Кройцигер (Чехия, Mitchelton-Scott)

Энрико Гаспаротто (Италия, Bahrain-Merida).

Ұқсас сілтемелер