Басып шығару нұсқасы
12.04.2018, 14:41

Головкин ұзақ уақыт рингке шыға алмай қалуы мүмкін

Boxingscene.com сайты Головкиннің 5 мамырдағы жекпе-жегі болмайтын болса, қазақстандық боксшы ұзақ уақыт рингке шыға алмай қалуы мүмкін екендігін мәлім етті, деп хабарлайды Sports.kz.

5 мамырға жоспарланған GGG-ге жекпе-жек қарсылас табудың қиындығына байланысты өткізілмей қалуы да мүмкін. Басылым хабарлағандай, егер Головкин мамырда рингке шықпаса Альвареспен өтетін қарымта жекпе-жекке дейін шары алаңға шығуы екіталай болмақ.

Егер «Канело» рингтен 6 айға шеттетілсе, болуы мүмкін реванш 15 қыркүйекке, яғни Мексиканың Тәуелсіздік күніне жақындайды. Дереккөздің мәліметінше, Альварестің өзі де қарымта жекпе-жекке дейін Головкиннің басқа жарыстарға қатысуын қаламайды екен. Алайда, егер Альварестің дисквалификация мерзімі алты айдан да ұзаққа созылса, Головкин қарымтаға дейін басқа қарсыласпен қолғап түйістіруі мүмкін.  

Ұқсас сілтемелер