Басып шығару нұсқасы
07.04.2018, 16:39

Макгрегордың автобусқа шабуыл жасаған сәтінің толық видеосы жарияланды

Ирандиялық файтер Конор Макгрегордың Бруклинде UFC 223 турнирінің қатысушылары отырған автобусқа шабуыл жасаған сәтінен жаңа видео жарияланды, деп хабарлайды prosports.kz сайты.

Естеріңізде болса, Макгрегор мен Артем Лобов бастаған топ 20 адам отырған автобусқа шабуыл жасаған еді. Нәтижесінде, Артем Лобов турнирден шеттетіліп, Конордың өзі Нью-Йорк полициясының қолына түскен болатын.