Басып шығару нұсқасы
04.04.2018, 09:59

Головкиннің келесі айқасы қашан және қайда болатыны белгілі болды

Головкиннің келесі айқасы қашан және қайда болатыны белгілі болды Геннадий Головкин

WBA Super, WBC, IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Сауль Альвареспен рематчтың болмауына қарамастан, 5 мамыр күні жұдырықтасады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Мен Лас-Вегастағы «Синко де майода» өз титулдарымды қорғайтын боламын. Ресми хабарлама таяуда болады!» - деп жазды Головкин Твиттерде. Невада штаты Атлетикалық комиссиясы «Канело» ісі бойынша әлі шешім шығарған жоқ, бірақ соған қарамастан оның командасы 5 мамырдағы рематчтан бас тартқан - бұл жекпе-жектің болмайтыны ресми түрде мәлімделді.

Головкиннің келесі айқасы T-Mobile Arena-да емес, MGM Grand Garden Arena-да өтпек. Оның әлеуетті қарсыластарының тізімінде - Хильберто Рамирес (37-0, 25 КО), кіші Хулио Сесар Чавес (50-3-1, 32 КО), Гэри О'Салливан (27-2, 19 КО), Деметриус Андраде (25-0, 16 КО) және Сергей Деревянченко (12-0, 10 КО) бар. Сондай-ақ, бұл тізімде Билли Джо Сондерс (26-0, 12 КО) пен Дэниэл Джейкобс (33-2, 29 КО) кандидатуралары да ұсынылған еді, алайда олар болмайтын болды. 

Ұқсас сілтемелер