Басып шығару нұсқасы
11.03.2018, 15:38

Теренс Кроуфорд Данияр Елеусіновты «сындыратынын» айтты

Теренс Кроуфорд Данияр Елеусіновты «сындыратынын» айтты prosports.kz

Америкалық боксшы Теренс Кроуфорд кәсіпқой боксқа ауысқан Данияр Елеусіновқа жолдама жасады, деп хабарлайды Prosports.kz сайтына сілтеме жасап silteme.kz АА.

«Менің төрт сөзім бар: Джош Келли және Данияр Елеусінов», — деп Кроуфордқа қарата айтқан промоутер Эдди Хирнге — «Мен оларды «сындырамын»!» — деп жауап қатты боксшы.

Теренс Кроуфорд - бірінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы. Шаршы алаңда 32 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен. Ал 23-ін уақытынан бұрын аяқтаған.

Айта кетейік, танымал британдық промоутер Эдди Хирнмен келісімшартқа қол қойған Данияр Елеусіновтің алғашқы кездесуі 28 сәуір күні Дэниэл Джейкобс жекпе-жегінің андеркартында өтеді. Одан кейінгі кездесуі 2 маусымға жоспарланып отыр екен.