Үш аптаға жуық уақыт аралығында ғана 9-қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтетін кәсіпқой бокс кеші билеттерінің басым бөлігі сатылды. Осы күнге дейін ешкімнен жеңілмеген Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы жекпе-жекті көру үшін 11 000 адам келеді деп хабарлайды NUR.KZ.