Басып шығару нұсқасы
20.10.2016, 12:16

Ресейдің әйелдер құрамасы алаңға орамал тағып шықты

Ресей мемлекетінің футзалдан әйелдер құрамасы Иран елінде жолдастық кездесу өткізіп қайтты, деп хабарлайды muslim.kz.

Бір қызығы, Тегеран қаласында өткен ойынға Ресей елінің қыздары толықтай хиджабпен шықты.

Газета.ru басылымы жариялаған суреттерде алаң иелері мен қонақтардың шариғат талаптарына сай киінгенін анық байқауға болады. Әрине, бұл көрініс Иран елінің талабына сәйкес орын алған болуы керек.

Ойынның бірінші бөлігі 3:3 есебімен тең аяқталғанымен, жалпы есепті 5:3-ке жеткізген Ресей құрамасы жеңіспен қайтты.

Ұқсас сілтемелер