Басып шығару нұсқасы
28.03.2018, 10:43

Еліміздің футболдан жастар құрамасы Люксембургті жеңді

2019 жылы өтетін Еуропа біріншілігінің іріктеу сынына қатысып жатқан Қазақстанның жастар құрамасы Люксембургті қабылдап, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Талғат Байсуфинов шәкірттері ойын тізгінін қолға алып, қарсыластарын тығырыққа тіреді. Қос қанаттан төнген қысымға шыдас бермеген қонақтардың қорғанысы минутта сетінеді. Оң қапталдан шабуылға қосылған Александр Соколенко Ян Вороговскийге пас шығарып, «Қайраттың» ойыншысы есеп ашты. Араға минут салып, сол Вороговский екінші мәрте мергендігімен танылды. Екі гол жіберген қонақтар бұдан кейін де дұрыстап ойнай алмады. Қайта Қазақстан құрамасы біренеше сәтті мүлт жіберді. Әйтпесе үзіліске дейін таблода ірі есеп тіркелетін еді. Алаң иелері екінші таймда да таңдалған тактикадан бас тартқан жоқ. Допты үнемі алға асырып, Люксембург қорғанысына қысым жасаумен шұғылданды. Қонақтар өз айып алаңында тәртіп бұзып, бас төреші 11 метрлік айып добын белгілегенін де айта кетейік. Максим Федин гол соғып, Қазақстан 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Дереккөз: 24.kz

Ұқсас сілтемелер