Басып шығару нұсқасы
19.03.2018, 19:00

Лионель Месси жаңа рекорд орнатты

Испания чемпионатының 29-шы турында каталондық «Барселона» бильбаолық «Атлетикті» 2:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА sport-express.ru сайтына сілтеме жасап.

Барселонада өткен кездесуде Пако Алькасер (8-минут) мен Лионель Месси (30-минут) гол соқты. Аргентиналық форвард үшін бұл гол маусымдағы 25-інші болды. Осылайша, Месси чемпионат тарихында 9 маусым қатарынан 25 гол соққан алғашқы ойыншы атанды. 

Айта кетейік, мадридтік «Реалдың» үздік шабуылшысы Криштиану Роналду 25 голды Примераның 8 маусымында қатарынан соққан болатын. Ол биылғы маусым соңына дейін Мессиді қуып жетуі мүмкін. Португалдық футболшының қоржынында қазір 22 гол бар. «Атлетикодан» 11 ұпайға ұзап кеткен каталондықтар, 75 ұпаймен турнирлік кестеде көш бастап тұр.

Ұқсас сілтемелер