Басып шығару нұсқасы
05.01.2018, 16:08

Африканың 2017 жылғы үздік футболшысы анықталды

Мысыр құрама командасы мен «Ливерпульдің» жартылай қорғаушысы Мұхаммед Салах Африканың 2017 жылғы үздік футболшысы атанды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Африка футбол конфедерациясының ресми сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, 25 жастағы плеймейкер 625 дауыс жинап, командаласы, сенегалдық Садьо Мане (507 дауыс) мен «Боруссияның» габондық шабуылшысы Пьер-Эмерик Обамеянгты (311) артқа тастаған. 

Африканың үздік бапкері атағы Мысырды баптайтын аргентиналық маман Эктор Куперге бұйырды.

Мысыр, бұдан тыс биыл қара құрлықтың үздік ұлттық құрамасы аталымын да жеңіп алды.

Ұқсас сілтемелер