Басып шығару нұсқасы
12.12.2017, 18:40

«Астана» және «Спортинг» Еуропа лигасының рекордын жаңартады

«Астана» және лиссабондық «Спортинг» футболшылары 1/16 финал кездесуінде қашықтыққа ұшып бару жағынан Еуропа лигасының жаңа рекордын орнатады. Бұл туралы vesti.kz порталы хабарлайды.

Қазақстан мен Португалия астанасы арасындағы қашықтық – 7 348 шақырым. Астанадағы ойын 15 ақпанда, ал Лиссабонда 22 ақпанда өтеді. Еуропа лигасының мұның алдындағы рекорды «Қайрат» пен франциялық «Бордо» клубтарына тиесілі болған. 2015 жылы футболшылар матч үшін бір бағытқа 5 947 шақырымды ұшып өткен болатын. «Астана» мен португалиялық «Бенфика» футболшылары да осындай рекорд орнатқан еді. 2015 жылы топтық кезең аясында олар бір бағытқа 7 348 шақырым жерді ұшып өту керек болатын. Осылайша, «Астана» клубы ақпанда қос еурокубоктың рекордын иеленеді.

Ұқсас сілтемелер