қанат

Показать содержимое по тегу: қанат

Бірінші орта салмақта бақ сынайтын қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам 14 тамызда жапон боксшысы Йошихиро Камегаимен (27-4-2, 24 КО) жұдырықтасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Опубликовано в Бокс

Үш аптаға жуық уақыт аралығында ғана 9-қыркүйек күні Астанадағы «Сарыарқа» республикалық велотрегінде өтетін кәсіпқой бокс кеші билеттерінің басым бөлігі сатылды. Осы күнге дейін ешкімнен жеңілмеген Қанат Ислам мен Брэндон Кук арасындағы жекпе-жекті көру үшін 11 000 адам келеді деп хабарлайды NUR.KZ.

«Біз бәсеке өтетін жерді тыңғылықты іздестірдік. Ақыры «Сарыарқа» республикалық велотрегіне тоқталдық. Бұл – спорттық кешендер арасындағы әлемдегі ең үздіктердің бірі болып саналатын теңдессіз нысан. Астаналық «Сарыарқа» велотрегі  9 195 көрерменді сыйдыра алады. Сондай-ақ, рингтің маңында 1 500 VIP орындар орналастырылады.  Қазіргі кезде барлығы 8 000-нан аса билет сатылды», – дейді Qazaq Promotions компаниясының директоры Қайрат Жайлаубаев.

Сондай-ақ, ол ресми түрде шақырылған қонақтар арасында тек көрнекті мемлекет, спорт және қоғам қайраткерлері ғана емес, БЖСМ мен спорт-интернаттың өкілдері де бар. 

«Алдағы бокс кеші астанамыздың тұрғындары мен қонақтары үшін үлкен мереке болмақ. Белгілі кәсіпкер және меценат Бауыржан Оспанов жеке өзі жас жеткіншектер осы кештен керемет әсер алып, шаттыққа бөленсін деген ниетпен БЖСМ өкілдерін қажетті билеттермен қамтымасыз ету жөнінде тапсырма берді», – дейді Qazaq Promotions компаниясының директоры.

 

Естеріңізге сала кетейік, Билеттерді Zakazbiletov.kz және BiletiAstana.kz сайты немесе Астана қаласындағы мына кассалардан алуға болады:

1. «Керуен» ССО , Достық көшесі, 9, +7 778 544 27 62

2. Мечта СО, Республика даң., 45, +7 778 544 27 63

3. «BiletiAstana.kz» кеңсесі, Жеңіс даң., 34, +7 778 347 88 01

4. «Астана Арена» СК, Туран даң., 54, + 7 778 347 88 01

Кәсіпқой бокс кешінің басты серіктестері: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министірлігі, «Астана ЭКСПО-2017 ҰК» АҚ, «Самрұқ-Қазына» ұлттық әл-ауқаты қоры, Астана қ. әкімшілігі, «ZHERSU» инвестициялық-өндірістік корпорациясы, «QAZAQ Promoutions», «Nelson Promoutions » және «Raynelo management» промоутерлік компаниялары, «BI Group», «Базис А» және «Mabetex Group» құрылыс компаниялары, «Qazaqstan» мен «Qazsport»  телеарналары, сондай-ақ «NUR.KZ» ақпараттық порталы.

Опубликовано в Спорт

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер