Басып шығару нұсқасы
31.10.2016, 09:47

Қанат Исламның Патрик Аллотеймен жекпе-жегі (видео, толық нұсқа)

Ганадан келген Патрик Аллотеймен өткен жекпе-жек 12 раундқа созылды. Екі боксшы да аянып қалмады. Ұпай айырмашылығымен жерлесіміз Қанат жеңіске жетті. Кәсіпқой бокстағы 22 кездесуінде де жеңіске жеткен Қанат Ислам 18 жекпе-жекте қарсыластарын нокаутпен ұтқан. Ал Патрик Аллотей болса осымен үшінші рет жеңіліске ұшырады. Шаршы алаңда 37 кездесу өткізген ол жалпы кездесуінің 34-інде қарсыластарынан басым түскен. Нокаут саны – 24.

Айта кетейік, Алматыда өткен бұл жолғы бокс сайысында өнер көрсеткен басқа алты қазақстандық боксшы да жеңіс тұғырынан көрінді. Олардың ішінде Жұман Жұмабеков, Әли Ахмедов, Руслан Мырсатаев, Жәнібек Әлімханұлы алғашқы раундта қарсыластарын нокаутқа түсірсе, Жанқош Тұраров төртінші раундта жеңіске жетті. Айдар Шәрібаев ұпай санымен қарсыласынан басым түсті. 

 

sports.kz

Ұқсас сілтемелер