«Қазақстандық олимпиада чемпионы алтын медальді мүмкіндігінше тиімді пайдаланғысы келеді. Әңгімелерге қарағанда, 25 жастағы боксшы жақын арада Бруклинде (Нью-Йорк) тұрып жаттығатын, промоутер Лу Ди Беллдің қанаты астында жекпе-жектерге шығатын ағасы Дәуреннің қасына барады» деп жазады. Осының алдында Данияр Елеусінов әуесқой бокстағы арманына жеткенін, кәсіпқой боксқа көшу мәселесін әлі шешпегенін айтқан болатын.