Басып шығару нұсқасы
30.04.2018, 16:08

Кәсіби боксшылардың құрамына Данияр Елеусінов кірді

Кәсіби боксшылардың құрамына Данияр Елеусінов кірді ©inform.kz

Белгілі Boxrec.com сайты қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің кәсіби спорттағы алғашқы жеңісін есепке алды.

Алты раундқа есептелген жекпе-жектің үшінші кезеңінде қарсыласын техникалық нокаутпен жеңген Данияр жартылай орта салмақта 894-шы орынға шығуға мүмкіндік берді. Бұл рейтингте ең үздік қазақстандық боксшылардың тізімін 59-шы орындағы Жанқош Тұраров (22-0, 15 КО) бастап тұр.

Еске сала кетейік,   Данияр Елеусінов кәсіби бокстағы алғашқы жеңісіне қол жеткізген еді. Сондай-ақ, ол өзінің дебюттік кездесуі алдында сұхбат беріп, жоспарларымен бөліскен болатын.

Дереккөз: kazinform.kz

Ұқсас сілтемелер