«Допинг табылғандықтан, жекпе-жек өтпей қалады деп ойлайтындарға бір дәлел айтайын: HBO сенбілік трансляциясын PPV-ны дамыту үшін пайдаланған жоқ және өз күнтізбесіне шегеріп қойды. Барлығы шындық, жұртшылық. Ал «Канелоның» шеттетілуі – алдаусырату деп жатқандар, сіздер не айтып жатқандарыңызды білмейсіздер. Головкин мен «Канелоның» екінші жекпе-жегі өтпей қалуы мүмкін деген үлкен қауіп бар. Естеріңізге салайын, Невада штатының комиссиясы Тайсонға бірнеше жыл бұрын лицензия беруден тартынып, Льюйске қарсы жекпе-жекке шығарған, сол уақытта бұл бокс тарихындағы ең ірі оқиға еді. Ал реванш өтпей қалса, бұл әбден мүмкін, бұған «Канело» мен оның бапкерлері кінәлі болады. Том Леффлер (Головкиннің промоутері) маған «Канелоның» шеттетілуі жайлы айтқан, GGG 5 мамырда Вегаста «Канеломен», немесе басқа бір қарсыласпен жұдырықтаспақ. Мен оған Джейкобсты тығырыққа тіреу керек деген едім. Ол 28 сәуірде әлсіз жекпе-жек өткізеді. Бұл жекпе-жекті кейінге шегеріп, бір аптадан кейін GGG-ге қарсы реванш ұйымдастырыңыздар. Реванштың өтпей қалуына тағы бір себеп – Fathom Events, АҚШ-тағы PPV дистрибьюторы, жекпе-жекті өз кестесінен алып тастап, өз сайтынан осы кездесу жайлы барлық материалды жойды», – деп жазды Рафаэль Twitter желісінде.