Басып шығару нұсқасы
21.08.2016, 20:04

Вайнерлер Левиттің қалай «жеңілгенін» көрсетті

Вайнерлер Левиттің қалай «жеңілгенін» көрсетті aikyn.kz

Вайнерлер Рио Олимпиадасындағы қазақстандық Василий Левит пен ресейлік Евгений Тищенконың финалдағы жекпе-жегін әзілмен көрсетіп берді, деп жазады aikyn.kz.

Әзілге толы бейнероликте қазақстандық танымал вайнер Серғазы Тоқтарбек (sekavines) Василий Левиттің ролінде ойнайды, ал оның қарсыласы ресейлік боксшы Евгений Тищенконы сомдаған. Бейнекөріністе қазақстандық жалғыз «боксшыға» қарсыласы ғана емес, дәрігерлер, секунданттар, тіпті төрешілер де жабыла кетіп, соңында төреші қызыл формадағы адамның қолын көтереді. Ал қазақстандық боксшы Василий Левиттің мәнерінде сұқ саусағын ұртына апарып, шартты түрде көрермендерді сабырға шақырады.

Ұқсас сілтемелер