Басып шығару нұсқасы
24.02.2018, 16:25

Қазақ боксшысы америкалықты бірінші раундта нокаутқа түсірді

Қазақстандық Арман Рысбек қарсыласы 27 жастағы америкалық Ноэ Лозаноны кәсіби рингтегі алғашқы жекпе-жегінде бірінші раундта нокаутқа түсірді.

Боксшылар кездесу алдындағы салмақ өлшеу салтанатында орташа салмақ дәрежесіне тұрақтаған болатын.

Бұдан бұрын қазақ боксшысы "Астана Арланс" командасы құрамында WSB чемпионы атанған.

Ал кәсіби рингтегі алғашқы кездесуі бірнеше рет кейінге қалдырылған еді.

©sputniknews.kz