Басып шығару нұсқасы
05.01.2018, 11:56

Головкинді рингте тұрып, жекпе-жекке шақырған Сондерс жаттығуды бастап кетті

Орта салмақта WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Билли Джо Сондерс қайта жаттыға бастады.

Бұл туралы Vesti.kz. хабарлайды 

Британиялық боксшы жаттығу залында бір айдай болмаған.16 желтоқсанда өткен соңғы жекпе-жегінде ол канадалық қарсыласы Давид Лемьені (38-4, 33 КО) жеңген. Осыдан кейін Сондерс рингте тұрып, Головкинді жұдырықтасуға шақырған еді. 

"Егер "сары сапалақ" жұдырықтасқысы келмесе, мен бармын", - деген еді боксшы. Сондерс Головкинге барлық атақтарды тігуді ұсынды. 

Еске салайық, WBO белбеуі - Головкинге орта салмақтағы абсолют чемпион атануға жетпей тұрған жалғыз атақ.

 

Ұқсас сілтемелер