Басып шығару нұсқасы
14.11.2016, 16:00

Жалақысынан бас тартқан президент

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп өзінің жалақысынан бас тартатынын айтты, деп хабарлайды kazinform.kz

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп CBS телеарнасына сұхбат беру барысында осыған дейін өзі жария еткен мөлшері 400 мың доллар болатын жалақысынан бас тартатынын растады.

«Заң бойынша мен кемінде 1 доллар жалақы алуым керек. Яғни, мен 1 доллар жалақы аламын»,-деді саясаткер. Оның жеке байлығын Forbes 3,7 миллиард долларға бағалады. Трамп өзінің жалақысынан бас тартқан үшінші президент болмақ. Мұндай қадамға кезінде Герберт Гувер мен Джон Кеннеди де барған болатын. Олар өздерінің президент болып тұрғандағы жалақыларын қайрымдылыққа аударды деп жазады Life. Республикашыл Дональд Трамп 8 қараша күні өткен АҚШ президентінің сайлауында сайлаушылардың 290 мың даусын жинап, жеңіске жетті.

Айта кететін жайт, Доналд Джон Трамп — АҚШ-тың сайланған 45-ші президенті. АҚШ теле-радио саласында атақты тұлға. Сонымен қатар АҚШ-тағы ірі құрылыс Трамп Орг. компаниясының президенті және әлем бойынша казино, отельдері бар Trump Intertainment Resorts компаниясының негізін қалаушы. 

Ұқсас сілтемелер