Басып шығару нұсқасы
22.10.2016, 09:51

Солтүстік Қазақстан облысына 700 отбасы көшуге ниет білдіріп отыр

Еліміздің оңтүстік өңірлерінен Солтүстік Қазақстан облысына 700 отбасы көшуге ниет білдіріп отыр, деп хабарлайды baq.kz.

Ал бүгінде теріскейге мемлекеттік бағдарламамен 127 отбасы қоныс аударған екен. Бұл туралы аймақ басшысының орынбасары Айдарбек Сапаров журналистерге мәлімдеп, облыстың әлеуметтік-экономикалық ахуалы жайлы баяндады.

 Оның айтуынша, келер жылы бұл өңірде қант зауыты салынып, онда қант қызылшасы өңдеуден өтетін болады. Қазір диқандар әр гектардан 50 тонна қызылша алып жатыр. Сондай-ақ, солтүстікқазақстандықтар шекаралас орналасқан Омбы қазақтарына да көмегін аянбайды.

«Біз Омбыға жылына екі рет делегациямен барып тұрамыз. Қазақ диаспорасымен кездесу өткіземіз. Оларға көмек керек болса, көрсетеміз. Олар да бізге келіп тұрады. Қарым-қатынасымыз өте жақсы. Бүгінде тілді дамыту үшін оларға кітаптар жіберіп жүрміз», - дейді Айдарбек Сапаров.