Басып шығару нұсқасы
30.09.2016, 12:15

Бақытжан Сағынтаев жетекші IT-компаниялардың басшыларымен кездесті

Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жетекші IT-компаниялардың басшыларымен кездесті, деп хабарлайды  primeminister.kz.

 Әңгіме барысында отандық IT-нарықты дамыту, стартаптарды қолдау және бағдарламалық өнімдерді әзірлеу, жеке инвестицияларды ынталандыру, сондай-ақ, ақпараттық қауіпсіздік мәселелері талқыланды.