Басып шығару нұсқасы
15.06.2023, 14:29

Маңғыстау облысының әкімі Н. Ноғаевпен кездесу өтті

14 маусымда Астрахан облыстық Думасының төрағасы Игорь Мартынов және бір топ депутаттарынан құралған делегация Маңғыстау облысының әкімі Н.А. Ноғаевпен кездесті.
Сонымен қатар, кездесуге «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» респуб­ли­ка­лық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев және облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев және басқа да тұлғалар қатысты.   Сонымен бірге, «Аманат», «Ақ жол», «Ауыл» саяси партиялардың төрағалары болды.   Айта кетейік, «Қазақстан мәслихаттары депутаттары бірлестігі» респуб­ли­ка­лық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев Маңғыстауда бірнеше күннен бері іссапармен жүр.