Басып шығару нұсқасы
26.01.2023, 20:35

Ертең Президент академиясында «Шымкенттің жұмсақ күші» кітабының таныстырылымы өтеді

Ертең Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында мәдениеттанушы-философ, PhD доктарант Абылайхан Қалназаровтың «ШЫМКЕНТТІҢ ЖҰМСАҚ КҮШІ. Шымкент қаласының брендін тиімді басқару мен имидж-идеологиясын ілгерілету бойынша коммуникативтік стратегия (Талдаулар мен ұсыныстар)» атты тұңғыш қазақша политтехнология кітабы аясында «Брендті басқарудың тиімді стретегиясы» тақырыбында кездесу өтеді.

Қазақстан тарихында осы тақырыпта алғаш рет қолға алынған кітап – 100 дана ғана басылған (әр данасы 25 мың теңге), 5 тарау, 432 беттен тұрады. Теориялық базасы Ұлыбритания үкіметінің кеңесшісі, Еуропа парламентінің депутаты, ағылшын ғалымы Саймон Анхольт концепциясына негізделген жәнеден Шымкент қаласы мысалында Қазақстан қалалары мен өңірлерінің брендін тиімді басқару мен имидж-идеологиясын тұжырымдап, ілгерілету бойынша үлгілік ұсынымдар мен талдаулар жасалған.

Айта кетейік, аталмыш кітаптың 18 қаңтарда Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында тұсаукесері болып өткен еді.

Ұқсас сілтемелер