Басып шығару нұсқасы
25.09.2020, 12:29

Шерзод Пулатов. Тіл ұмытылса – ұлт жоғалады

Шерзод Пулатов, ҚХА Төрағасының орынбасары«Nur Otan» партиясы праймеризінің қатысушысы...

Тілсіз бірде-бір мәдениет, бірде-бір ұлт болмайды. Тіл ұмытылса – ұлт жоғалады. Тіл коммуникативті функцияны орындайды, сол арқылы бүкіл халықтың әлеуеті танылады.

Этностардың сан алуандығы кең ауқымды лингвистикалық кеңістік болып табылатын Қазақстанда түрлі тілдерді үйрену мен меңгеру саласында белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Елімізде үштұғырлы тіл саясаты іске асырылуда, бірінші кезекте мектептерде оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Сонымен қатар, шағын этнос тілінде оқытатын мектептер де  жұмыс істейді. Мемлекет, қоғам және жеке тұлға тарапынан тілдік білімге аударылып жүрген назар арқылы оның құндылығын бағалауға болады. Осыған байланысты тілдік білімді мемлекеттік, қоғамдық және жеке құндылық деп айтуға болады. Кез-келген тілдің рөлі оның мемлекет пен қоғамдағы мәртебесімен анықталады. Тіл сонымен қатар халықаралық қарым-қатынас құралы бола алады. Бұл әлеуметтік функциялардың максималды көлемін орындайтын ғаламдық таралу мен жалпыадамзаттық мәдениеттің тілдері.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: "Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұл қазақ тілі-мемлекеттік тіл, ұлтаралық қатынас тілі ретінде орыс тілі, ағылшын тілі-ғаламдық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі" деген болатын, бұл қағида бәсекеге қабілетті және сапалы мамандарды даярлауға бағытталған заманауи қазақстандық білім беру жүйесінің негізін құрайды.

Бүгінгі қазақстандық – этносына қарамастан, үш және одан да көп тілді меңгерген, бірақ өзінің қайнар көзінің маңыздылығын түсінетін, айналасындағы барлық мәдениеттердің өзіндік ерекшелігін түсінетін және құрметтейтін адам.

Біздің мемлекетіміздің бірегейлігі әр түрлі мәдени элементтердің бір-бірін біріктіріп, өзара толықтырып отыруында.

Барлық тілдерді құрметтеу, олардың үйлесімді және тең дәрежеде дамуы – бұл Қазақстандағы барлық тұрғындардың әртүрлі ұлттар мен ұлыстар өкілдерінің рухани өсуі мен бірлігінің кепілі.

Үш немесе одан да көп тілді білу – қазіргі заманғы жаһандық және табысты өмірге жолдама болып саналады. Дәл осындай оңтайлы формула біздің экономикамыз бен мәдениетіміздің дамуына ықпал ететін болады.

Тіл саясатын жүзеге асыру ешқандай жағдайда төзімсіздік пен жағымсыз эмоцияларға емес, патриотизм сезіміне негізделуі керек екендігін айта кету керек. Толеранттылық пен адалдық – бұл қоғамның ұйыстырушы негізін нығайтатын жағымды аспектілер.

1997 жылы "Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы" заң қабылданды, оған сәйкес тіл саясатының тұжырымдамасы мемлекеттің оңтайлы тілдік кеңістігін құрудағы басты қиындықты анықтады – тілдердің арақатынасын нақты айқындауда мемлекеттік тіл ең құрметті жоғары орын алады.

Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаев өзінің тіл саясатына арналған баяндамаларының бірінде: "Біз барлық қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілін одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді салып, сонымен бірге, елімізде тұратын барлық ұлттардың өкілдері ана тілінде еркін сөйлеп, білім алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай жасауымыз керек" деген еді. Бұл ұстаным менің қызметімнің және ішкі рухани бейімділігімнің негізі, сонымен қатар мемлекеттік саясаттың сабақтастық бағыты болып табылады.

Мен үшін, сондай-ақ біздің елдің кез-келген азаматы үшін басты байлық пен құндылық – халықтың бірлігі болып саналады. Қазақстандықтардың топтасуын қалыптастыруда мемлекеттік тілді білу маңызды рөл атқарады деген пікірді ұстана отырып, мемлекеттік тілдің төңірегінде тиімді біріктіруші жүйе құру қажет. Ол үшін халықтың барлық топтары арасында, ең алдымен мемлекеттік қызметкерлер арасында оқыту және танымал ету арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру керек.Сонымен қатар, қазақ тіліне деген сүйіспеншілікті жас кезінен бастау керек деп санаймын, әрбір оқушы мемлекеттік тілде еркін сөйлеуі үшін балабақшалар мен мектептердегі жұмысты жандандырып, оқытуды нәтижелі ету маңызды.

Өз Отанының тілін білудің маңыздылығы туралы жазушы Мұхтар Әуезов былай деді: «Біздің заманымызда өз тілі мен әдебиетін білмейтін және бағаламайтын адамды толыққанды зиялы деп санауға болмайды. Себебі ол қандай мамандыққа ие болса да, руханият тұрғысынан ол біржақты азамат болып қала береді».

Бүгінгі таңда әрбір Қазақстан азаматы үшін бірінші кезектегі міндет – мемлекеттік тілдің біріктіруші өзегімен Қазақстан халқының бірлігін нығайтуға үлес қосу болып табылады. Өйткені, бірлік - біздің ортақ игілігіміз және жауапкершілігіміз!Бұл қағида менің - "Nur Otan"партиясының партияішілік іріктеу праймеризіне қатысушы ретіндегі негізгі бағдарламалық бағытым екенін атап өткім келеді.

Бүгінгі біздің мақсатымыз – ұлтаралық келісім мен халық бірлігі саласында қол жеткізілген нәтижелерді сақтау және нығайту. Біз ұлтаралық қатынас тілі бірыңғай мемлекеттік тіл болуы тиіс екенін жақсы түсінеміз. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз Жолдауында мемлекеттік тілдің рөлін күшейту және оны ұлтаралық қарым-қатынас тілі ретінде қалыптастыру бойынша қойылған міндетке қол жеткізу мақсатында жалпы жұмыс жүргізу қажеттігіне ерекше назар аударады.

Біздің еліміздегі тіл саясатының негізгі мақсаты-Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтай отырып, ұлттық бірлікті нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қолданысын қамтамасыз ету. Бұл ретте тіл саясаты мемлекеттің ұлттық саясатының маңызды бөлігі болып табылатындығын, сондықтан қазақстандық қоғамдағы ұлтаралық келісімнің сақталуы оның тиімділігіне байланысты екендігін атап өткен жөн.

 

Ұқсас сілтемелер