Басып шығару нұсқасы
24.09.2020, 23:36

Алматы қаласынан праймеризге қатысатын ең әдемі 10 әйел

Праймериз ұғымының Қазақстанға енуі, көпшілікке оның ішінде әйелдер қауымына тың серпін, жаңа мүмкіндік берді. Алматыдан Праймеризге қатысып жатқан үміткердің әрбір үшіншісі нәзік жандылар. Сонымен, сіздердің назарларыңызға Nur Otan праймеризіне қатысып жатқан ТОП-10 алматылық сұлуларды ұсынамыз.

 

Ақанова Асия

1987 жылы Мәскеуде дүниеге келген, орыс, ағылшын және қазақ тілдерін меңгерген. Қазақ Медициналық Үздіксіз Білім Беру Университетінің Отбасылық Медицина Кафедрасының Доценті. "Болашақ" бағдарламасының стипендиаты, Лондон Университеттік колледжінің дипломы бар. Белсенді «Ұзақ өмір сүру» орталығын басқарады.

 

Тимченко Юлия

1976 жылы Алматыда дүниеге келген. Тұрмыста, екі баласы бар. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің "Телевизиялық журналистика"мамандығы бойынша бакалавриаты мен магистратурасын бітірген. "Қайрат"футбол клубының маркетинг және қоғаммен байланыс жөніндегі директоры.

 

Ерниязова Айсұлу

1994 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Тұрмыс құрмаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген. Экономика және бизнес жоғары мектебінің докторанты. "Еріктілер лигасы" қоғамдық қорының төрағасы және Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі. 2020 жылы "Халық алғысы"медалімен марапатталды.

 

Мухаметкали Согдиана

1995 жылы Алматыда дүниеге келген. Тұрмыс құрмаған. "Еуразия бірінші арнасында"Режиссер, журналист және редактор. Өнертану ғылымдарының магистрі. "Тұран" университетін "Журналистика" мамандығы бойынша және кино және теледидар академиясын "кино және теледидар режиссері"мамандығы бойынша аяқтады. Орыс, қазақ және ағылшын тілдерін меңгерген.

 

Жамиля Серкебаева

1970 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Бірінші скрипка" дипломымен Монте-Карлода өткен халықаралық фестивальдің лауреаты, Нью-Йорктегі джаз қауымдастығының мүшесі. Ерекше еңбегі мен жоғары орындаушылық шеберлігі үшін оған "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" құрметті атағы берілді.

 

Чернова Анна (Димитриевич)

1984 жылы Алматыда дүниеге келген. Тұрмыста, екі баласы бар. 2009 жылы "Тұран" университетін "Құқықтану"мамандығы бойынша бітірген. Заң кеңесшісі, нотариус, қоғам қайраткері, блогер. Семсерлесуден ҚР спорт шебері, семсерлесуден ҚР чемпионаттарының, біріншіліктерінің бірнеше дүркін жүлдегері және жеңімпазы.

 

Ниязова Нұрия

1968 жылы Алматыда дүниеге келген. Тұрмыста, екі баласы бар. Қазақ, татар және орыс тілдерін біледі. Алматы қаласы ҚХА жанындағы Аналар кеңесінің төрағасы және "Ильдаш" татар гуманитарлық даму орталығы ҚБ басқарма төрағасы.

Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық университетінің Алматы филиалын және Новосібір мемлекеттік университетін "Психолог"мамандығы бойынша бітірген. Алматы қаласы мәслихатының депутаты.

 

Шамова Арайлым

1988 жылы Атырау облысы Мұқыр ауылында дүниеге келген.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін бітірген. Педагогика ғылымдарының магистрі. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген.

Алматы қаласы Алатау ауданындағы ҚМУ №201 мектеп-гимназиясының директоры.

 

Скатова Диана

1996 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін "Журналистика"мамандығы бойынша бітірген. "Еуразия бірінші арнасында" тележүргізуші.

 

Жансая Абдумалик

Қазақстандық шахматшы, халықаралық шебер, әйелдер арасындағы гроссмейстер. 2000 жылы 12 қаңтарда Алматы қаласында дүниеге келген. Жансаяның құрметіне Алматыда Шахмат академиясы аталды. Шахмат ойнаудан басқа, жүзумен айналысады және сурет салады.

Ұқсас сілтемелер