Мәдениет және спорт қайраткерлері азаматтарды коронавирусқа қарсы бірге күресуге шақырды
16.03.2020, 15:50

Мәдениет және спорт қайраткерлері азаматтарды коронавирусқа қарсы бірге күресуге шақырды

Мәдениет, спорт қайраткерлері және интеллигенция өкілдері Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың үндеуін қолдап, тұрғындарды коронавирус инфекциясының алдын алу үшін қауіпсіздік ережелерін ұстануға шақырды, деп хабарлайды astana.gov.kz.

Олардың айтуынша, коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік органдар тарапынан ауқымды шаралар қабылдануда және бұл қиындықты бірлесе отырып еңсеретін боламыз.

«Қазақта сөз бар, сақтансаң, сақтаймын деген. Бұл індетке қарсы ел, мемлекет болып қорғануымыз керек. Мұндай кезде сасқалақтап, ұшқалақтыққа ұрынып, індетті күшейтіп алмауымыз керек. Барынша тәртіпке бағынып, дәрігерлердің айтқан нұсқаулығын орындайық. Бұл қиындықты да біріге отырып еңсереміз», - деді ақын Несіпбек Айтұлы.

«Барыс» хоккей командасының шабуылшысы Роман Старченко өз жанкүйерлеріне осынау қиын кезде бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды.

«Бұл коронавирус пандемиясына орай қабылданған уақытша шара. Біз қашанда Сіздердің қолдауларыңызды сеземіз. Біз жақсы ойын көрсетіп, сіздерді қуантқымыз келеді. Осы кезеңде бізді, бір-бірлеріңізді қолдаңыздар», - дейді хоккеист Р. Старченко.

Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада ойындарының жүлдегері Гюзел Манюрова мемлекет тарапынан қабылданған шараларды қолдауға шақырды. Оның айтуынша барлық спорттық шаралар тоқтатылды. Алайда, бұған қарамастан біздің спортшылар сайыстарда жақсы нәтижелер көрсету үшін жаттығып жатыр.

«Құрметті достар, қазір коронавирус әлемнің көптеген елінде таралуда. Мен біздің елімізде бұл індетті жеңетініне сенемін. Жеке тазалықты сақтаңыздар. Қиындықты тек бірлесе отырып ғана еңсереміз», - деп атап өтті Г. Манюрова.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер