Басып шығару нұсқасы
22.05.2019, 14:55

XVI Еуразия медиа форумы басталды

Алматыда XVI Еуразия медиа форумы басталды, деп хабарлайды silteme.kz.

Еуразия медиа форумы «Бүгінгі әлем: шынайылық трансформациясы» деген тақырыпты талқылайтын болады.

Форум қонақтары арасында CGTN, ТАСС өкілдері, ОББ бұрынғы басшысы және танымал кинорежиссер Сергей Бодров сынды тағы басқа азаматтар бар. Бүгінгі пленарлық отырыста жеті тақырып қарастырылады. Олардың қатарында «Жаһан(сыз)дану: әлем дамудың жаңа үлгісін іздеуде», «Тұтыну дағдарысы», «Масс-медианың цифрлық шынайылығы: сынақты қабылдай аламыз ба?» және тағы басқалары бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы форумға әлемнің 60 елінен 500-ден астам делегат жиналды

Ұқсас сілтемелер